Ғылыми-практикалық конференциясының материалдары




НазваҒылыми-практикалық конференциясының материалдары
старонка2/54
Дата канвертавання12.01.2013
Памер8.04 Mb.
ТыпДокументы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   54

SEYTEN SAUTBEKOV’S BIOGRAPHY



S.L.Sautbekov (1907-1997) was born in the village Tonkeris (former district Kyzylzharsky, 4-th aul) the Northen-Kazakhstan area. His father Sejten-Leman mullah was considered as one of educated people of that time. Due to his father S.Sautbekov in the age of thirteen years freely knew the Arabian language.

In 19923-1926 S.sautbekov after the successful graduation of an elementary school on a direction Kyzyl - Otau of the department narcompross worked as a teacher in the village Shybykkol. In 1928 he entered the pedagogical technical school, then in 1931 became the student of the Kazakh training college by Abay'name.

In student's years he established close connection with oustanding figures of Kazakh people - Sabit Mukanov and Gabit Musrepov. Within " goloshekin genocide " in 1932-1933 S.Sautbekov is compelled to interrupt study in the institute and to work as a teacher in a native aul.

Within the Great Patriotic War S.Sautbekov as a volunteer was sent to the front. Under the order of command of S.Satubekov worked as a teacher in the military school where he taught for short-term rates to younger officers. Post-war destiny of S.Sautbekov has been connected to educational activity.

The big pedagogical experience and creative talent of Seyten Sautbekov have been brightly expressed during his teaching at schools of Northern Kazakhstan. Pedagogical and innovative activity S.Sautbekov highly has estimated Sabit Mucanov , having named him " the teacher of teachers ".

More than twenty years he was the director of Baluanskaj high school. This school was named under S.Sautbekov.

This school adopted original complex pedagogical system. The special attention was given pedagogical collaboration (work with parents' committee) and to problems of moral, labour, ecological and aesthetic education of schoolchildren. At school the permanent and advisory public body - advice(council) elders function. Under S.Sautbekov's initiative the school zoo has been created.

For the huge contribution to business of education growing up generation S.L.Sautbekov had been appropriated a honorary title " the Deserved teacher of Kazakhstan ". The known Kazakhstan writer Herald Belger is a pupil of Sejten Sautbekov. Famous scientists Tursynbek Kakishev, A.Koshanov, and alsoa well known аkyn Koken Shakeev counted S.Sautbekov as their teacher.

During the period with 1973 for 1999 S.L.Sautbekov worked as a scientific employee in the Kazakh Academy of education of a name of I.Altynsarin and assistant worker at the department of rare books to the State National library of the Republic of Kazakhstan.

S.L.Sautbekov has translated into the Kazakh language over two thousand the products written in the Arabian language. He freely spoke in the Azerbaijan, Tatar, turkish, Karakalpak languages, knew languages urdu and farcy.

Being the author of the textbook " Қазақ әліппесі- Kazakh alippese", he took part in republican competitions of school textbooks. S.Sautbekov's creativity is many-sided. He is the author of verses, stories and fairy tales for children of school age.

In 2003 the publishing house of university " Кокше - Kokshe" to 95-anniversary os Seyten Sautbekov had been republished products of the author. S.Sautbekov's books «Тағылым тегі – Tagilim tegi » represent pedagogical value.

The decision of the Government of the Republic of Kazahstan 497 from May, 30, 2003 Baluanskay high school was appropriated the name of Seyten Sautbekov.


КРАТКАЯ ИНФОРМАЦИЯ О СЕЙТЕНЕ САУЫТБЕКОВЕ


С.Л.Сауытбеков (1907-1997) родился в селе Тонкерис (бывший Кызылжарский уезд, 4-ый аул) Северо-Казахстанской области. Отец Сейтена – Лейман мулла был одним из образованнейших людей того времени. Благодаря отцу Сейтен в возрасте тринадцати лет свободно владел арабским языком.

В 1923-1926 годах С.Сауытбеков после успешного окончания начальной школы по направлению Кызыл-Отауского отдела наркомпроса работал учителем в селе Шыбыкколь. В 1928 году без отрыва от производства поступает в педагогический техникум, затем в 1931 году становится студентом Казахского педагогического института им. Абая.

В студенческие годы он устанавливает тесную творческую связь с выдающимися деятелями казахского народа Сабитом Мукановым и Габитом Мусреповым. В годы «голощекинского геноцида» в 1932-1933 годах С.Сауытбеков был вынужден прервать учебу в институте и работать учителем в родном ауле.

В годы Великой Отечественной войны Сейтен добровольцем отправляется на фронт. По приказу командования С.Л.Сауытбеков работает преподавателем в военном училище, где проходили краткосрочные курсы младшего офицерского состава. Послевоенная судьба С.Сауытбекова была связана с просветительской деятельностью.

Большой педагогический опыт и творческий талант Сейтена Сауытбекова были ярко выражены во время его учительствования в школах Северного Казахстана. Педагогическую и новаторскую деятельность С.Сауытбекова высоко ценил Сабит Муканов, назвав его «учителем – учителей».Более двадцати лет он был директором Балуанской средней школы. Балуанскую школу можно по праву назвать авторской школой Сейтена Сауытбекова.

В Балуанской школе сформировалась своеобразная комплексная педагогическая система. Особое внимание уделялось педагогике сотрудничества (работе с родительским комитетом) и проблемам нравственного, трудового, экологического и эстетического воспитания школьников. При школе функционировал постоянно действующий и консультативный общественный орган - Совет аксакалов (старейшин). По инициативе С.Сауытбекова был создан школьный зоопарк. За огромный вклад в дело воспитания подрастающего поколения С.Л.Сауытбекову было присвоено почетное звание «Заслуженный учитель Казахской ССР». Известный казахстанский писатель Герольд Бельгер является учеником Сейтена Сауытбекова. Крупные деятели науки - Турсынбек Какишев, А.Кошанов а также известный акын Кокен Шакеев считали С.Сауытбекова своим учителем.

В период с 1973 по 1990 годы С.Л.Сауытбеков работал научным сотрудником в Казахской академии образования им. И.Алтынсарина и сотрудником отдела редких книг Государственной Национальной библиотеки Республики Казахстан.

С.Л.Сауытбеков перевел на казахский язык свыше двух тысяч произведений, написанных на арабском языке. Он свободно владел азербайджанским, татарским, турецким, каракалпакским языками, а также языками урду и фарси.

Являясь автором учебника «Қазақ әліппесі», он неоднократно принимал участие в республиканских конкурсах школьных учебников. Творчество С.Сауытбекова многогранно. Он является автором стихов, рассказов и сказок для детей школьного возраста.

В 2003 году издательством Кокшетауского университета к 95-летию Сейтена Сауытбекова были переизданы уникальные произведения автора. Книга С.Сауытбекова «Тағылым тегі» представляет собой педагогическую ценность.Постановлением Правительства Республики Казахстан № 497 от 30 мая 2003 года Балуанской средней школе было присвоено имя Сейтена Сауытбекова.


ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БІЛІМ МӘСЕЛЕЛЕРІ


Балахметов Қ.

бұрынғы Қазақ ССР оқу министрі


Бүгінгі жаңарған Көкше өңірінде тұңғыш ұйымдастырылып жатқан «Сейтен тағылымдары» Халықаралық конференция жұмысына қатысуға шақырғандарыңыза үлкен алғысымды білдіремін. Осындай тарихи маңызы бар ауқымды іс-шараларды ендігі арада мейілінше мазмұнды және жоғары деңгейде өткізуді басты мақсат етуіміз керек.

Конференция жұмысына қатысып отырған жүзі таныс көптеген әріптестерімді, замандастарымды танып, бір қуанышты жағдайға тап болғанымды жасырмаймын. Әсіресе, Ресей Федерациясынан, дәлірек айтқанда, Омбы өлкесінде мекен етіп жатқан қазақ диаспорасы өкілдерінің, оның ішінде көрнекті ғалымдардың бүгінгі алқалы жиынға қатысып отырғаны қуантады. Аталмыш конференцияның негізгі тақырыбы - ұлағатты ұстаз Сейтен Сауытбековтың өмірі мен ағартушылық қызметі, сондай-ақ оның педагогика мен балалар әдебиетіне қосқан үлесі, сондай-ақ бүгінгі білім жүйесінің өзекті мәселелеріне арналуы құптарлық жайт.

Сейтен Сауытбековтың педагогикалық мұрасы мен шығармашылық еңбектері жөнінде мен таныспын. Ол кісінің Сәбит Мұқанов пен Ғабит Мүсіреповпен тығыз қарым-қатынаста болып, өзінен кейінгі ұрпаққа үлкен еңбектер қалдырып кеткен ірі тұлға болғанын байқауымызға болады. Сейтеннің идеясын бүгінде жалғастырып отырған сіздерге де үлкен қариялық ризашылығымды білдіремін. Сіздерге Сейтен Сауытбековтың әруағы да риза.

Қай заманда, қай қоғамда өмір сүрсек те – алдыңғы толқын ағалардың бар арманы, бар мақсаты жас жеткіншектерді тәрбиелеуге үлес қосу екені анық.

Қазақ халқының көрнекті зиялы қауым өкілдері Ы.Алтынсарин, М.Жұмабаев, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Ж.Аймауытов, С.Сейфуллин және басқа азаматтар – міне, осындай болған.

Қазақ ССР Оқу министрі болған жылдары (1974-1980) мен де өз елімнің азаматы ретінде білім мен тәрбие саласына үлес қосуды мақсат еттім. Рас, бүгін еліміз өз алдына дербес тәуелсіз мемлекет болды. Кешегі Кеңес Одағы заманында білім де болды, мектеп те болды және мектеп мұғалімінің жағдайы да жаман болды деп айтуға болмайды. Бірақ, тәуелсіз мемлекеттің – жолы ерекше. Тәуелсіздігімізді бағалай білуіміз керек.

Тәуелсіздік арқылы ұлт тағдырына байланысты өте көп мәселелерді шешуге болады. Біздің заманымызда ұлт тағдырына байланысты дүниелерді шешу – біздің қолымызда болмады. Сол бір қиын-кезең жылдары белгілі ғалым, өз ұлтының, әсіресе жас ұрпақтың болашағын тереңінен ойлаған, ойлап қана қоймай сол мәселенің шешілуіне зор үлес қосқан Жанайдар Мусин маған Көкшетауда педагогикалық жоғарғы оқу орнын ашу жөнінде өзінің шешімді ұсынысын білдірген еді. Бұл мәселеге араласу бізге қиынға соқты. Ол мәселе – аз уақыт ішінде емес, ұзақ мерзімді қамтитын сол кезеңдердегі аса күрделі істердің бірі болатын. Кеңес Одағы уақытында жоғарғы оқу орнын ашатын мәселені шешу, талқылау тек қана Москваның құзырында болатын. Бірден қазақ бөлімін ашу, қазақ тілінде оқытылатын факультеттер ашу және оған арнайы ұлттық мамандарды тарту бір жағынан - қаржыландыру мәселесіне келіп тірелетін болса, екінші жағынан - үкіметтің саясатына да байланысты болған еді.

Ақыры, келісе келе, біз Алматы педагогикалық институтының филология факультетінен орыс, қазақ және ұйғыр бөлімдерін және Көкшетау педагогикалық институтынан орыс және қазақ бөлімдерін ашу жөніндегі маңызды шешімдердің Москвадан қабылдануына қол жеткіздік. Осы шешімге қол жеткізу біз үшін өте үлкен жұмыс болғаны рас еді.

Сондай-ақ, Петропавл педагогикалық институтына Сәбит Мұқановтың атын беру жөніндегі ұсыныстарымыз жүзеге аспады. Бірақ, жақсы оқитын студенттерге Сәбит Мұқанов атындағы арнайы стипендияның тағайындалуына жоғарғы жақтан қол жеткіздік.

Міне, осындай әрі күрделі, әрі маңызды халық тағдырына қатысты ауқымды мәселелерді сол кезде мен басқарған Оқу министрлігі шеше алмады. Егер, біз сол кезде өз тәуелсіздігімізге ие болған уақытта, жағдай басқаша болатын еді. Әрине, орыс тілінің мәртебесі ерекше болды. Орыс тілінің қаншалықты тиімді-тиімсіз ықпал еткенін Қазақстанның солтүстік өңіріндегі қазақ қауымы өте жақсы біледі. Тіпті, сол жылдары шалғай орналасқан қазақ ауылдарына барғанымызда, жұртшылық бізден «неге орыс тілінде оқытылатын кластар ашпайсыздар»- деп, ұсыныс жасағандары есімде.

Енді, ол заман артта қалды. Біз, қазір, капитализм сатысына өту үстіндеміз. Білім жүйесі қазір нарықтық экономика талаптарына сай қайта реформалану үстінде. Осындай жауапты кезеңде мемлекет тарапынан оқу-тәрбие мәселесіне ерекше көңіл бөлінуі керек. Ол проблемалардың бірі - мұғалімнің, немесе жоғарғы оқу орны оқытушысының ұстаздық мәртебесін көтеру қажет деп санаймын. Педагогика саласына қатысты басылымдарда жалпы білім беру сапасы республика көлемінде 34% артты деп айтылып жүр. Меніңше, ол мәлімет шындыққа жанаспайды. Қазір бізді ауыл мектептері толғандыруы керек. Қалалық жерде білім алатын оқушылар соңғы жаңалықтарға өте бейім келетіні рас, ол мүмкіндіктер олардың жоғары білім алу барысында көп жеңілдік ететіні де рас. Сондықтан, қазір жиі айтылып жүрген грант пен кредит жеңілдіктерін ауыл жастарының да иеленуіне ерекше жағдай туғызу керек деп санаймын. Мұғалімді орысша «факел», яғни алау деп айтады. Алауды өшіріп алсақ, онда жас ұрпақтың тағдырына қаяу түсері анық.

Соңғы кезде халқына еңбегі сіңген, ұзақ жылдар бойы өлшеусіз қызмет етіп, өзінің парасаттылығымен, адамгершілдігімен танылған көптеген зиялы адамдардың есімдері аталмай қалады. Сіздердің Сейтен Сауытбековтың атын шығарып, ұлағатты ұстаздың ұрпаққа қалдырған еңбектерін жарыққа шығарып, осындай игі іс-шараларды қолға алғандарыңыз өте үлкен жұмыс. Қадамдарыңыз құтты болсын!


ҚАЗАҚ ЭТНОПЕДАГОГИКАСЫНЫҢ

ӨЗІНДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ


Қалиев С.Қ.

педагогика ғылымдарының докторы профессор, Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ білім

академиясының академигі, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институты,Алматы, (Қазақстан)

Ұшы-қиырсыз жазира дала тұрғындары өздерінің сан ғасырлар бойғы тарихында жас ұрпаққа тәрбие берудің бай тәжірибесін жинақтап, ұлттың өзіндік салт-сана мен әдет-ғұрып, дәстүр рәсімдерін туғызды. Көшпелі халық өзі өмір сүрген қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайына, мәдениетіне, тарихына орайлас жас буынға тәлім-тәрбие берудің айрықша талап-тілектерін дүниеге әкелді. Мәселен, жас адамның жұртқа танымал моральдық-психологиялық өлшемі белгіленді, оның мәні сегіз қырлы, «бір сырлы» шынайы, отаншыл, азамат тәрбиелеу еді. Міне, осы қағида сан ғасырлық дала тұрғындарына қойылатын моральдық талаптарды айқындады. Ол талаптар көшпелі мал шаруашылығын жете игеру, еңбек сүйгіштік, қиыншылыққа төзе білу, ел намысын қорғау, жаудан беті қайтпау, ата тегін жадында сақтау, сөз асылын қадірлеу, тапқырлық пен алғырлық, ат құлағында ойнау, ата салтын бұзбау (жасы үлкенді, ата-ананы сыйлау, құдайы қонақтың бұйымтайын қайтармау, көрші хақын жемеу, қайырымды, ізгі жүректі, бауырмал болу, т.б.). Осындай қоғамдық қатынастарды кішкентайынан көріп-біліп өскен адамдарда мүдделестік, өмірге көзқарастың сәйкестігі кісілік қарым-қатынаста айқындалып, жеке бастың бұра тартуына мүмкіндігін қалдырмаған, психологиялық жағынан «бірауызды қауымдасқан жандар» үнемі өзінің рулық одағында етене сіңіскен салттар мен дәстүрлерді ұстанады. Ал бұл принцип ұлттық психология мен ұлт мәдениетінің сипатын айқындайтын факторлар болады.

Әр ұлттың өзіне тән кәсібі, тарихы мен мәдениеті бар. Ол мәдениет сөйлеу тілінен, ойлау жүйесінен айқын көрініс табады. Сондай-ақ, ұлттық мәдени ерекшелік сол халықтың өмір сүру тәсілінен, діни-наным сенімінен, әдет-ғұрпынан, салт – санасы мен дәстүрінен өзекті орын алады.

Осы тұрғыдан қарағанда, ар мен намысты қасықтай қаны қалғанша қорғай білу, дарқан көңіл, ақжарқындық пен адалдық, досқа деген мейірімділік қазақ халқының бойына туа біткен ұлттық психологиялық ерекшелік қасиеті, философиялық ойлау жүйесінің негізі демекпіз.

Ол жөнінде орыс офицері А.Левшин өзінің «қырғыз-қайсақ ордалары мен далаларының сипаттамасы» (1832) атты кітабында: «...Деспотизмді көп көрмеген қырғыздар (қазақтар. - С.Қ.) басқа Азия халықтарына қарағанда аңғал да ақкөңіл, сенгіш... қайырымдылық, адамды аяу, қарттарға, ақсақалдарға құрмет көрсету - оның ең жақсы қасиеті. Қырғыз үшін меймандостық - қастерлі заң. Олар бар дәмді асын қонақтарға тосуды заң деп санайды.», - деп қазақтардың кішіпейілділігін, меймандостығын, қайырымдылығын, сенгіштігін сүйсіне паш етеді.

Қазақ халқының ұлттық даралығы ой толғаныс қазынасында ұрпақ тәрбиелеу тәсілдері (этнопедагогика) мен салт-дәстүр ерекшелігінде (этнографиясында) деп білеміз.

Қазақ халқының психологиялық ой толғаныс ерекшелігін сөз етсек, ол-тұспалдап, мақалдап, мақамдап, тақпақтап сөйлеу, жыр, терме, толғау, айтыс өнері арқылы көзге көріну.

Тұспалдап сөйлеу өнері, негізінен, билердің шешендік сөз өнерінен өзекті орын алған. Сондықтан қазақ билерінің шешендік сөз өнері Цицерон, Демосфен сияқты Еуропа шешендерінің сөз қолданыс түрлерінен мүлде өзгеше, өзіндік ұлттық мәнері бар сөз қолданыстары.

Халық педагогикасының негізгі мақсаты - өзінің бай тарихи тәжірибесіне сүйене отырып, келер ұрпақты еңбек сүйгіштікке, өнерге баулу, жанұя, ауыл-аймақ, Отанның ар-намысын қорғай білетін, жаны жайсаң, арлы азамат тәрбиелеу болды. Осы мақсатты іске асыру жолында отбасы мүшелерінен бастап, ауыл ақсақалдары, көне көз қариялар мен ақын, жыршы, жырау, әнші, күйші, термеші, сияқты өнер адамдарының бәрі белсене қатынасатын ұжымдық тәрбие ісін жүргізушілер болып келгені көпке аян. Әсіресе, ақын, жырау, термешілердің өлең, жыр, дастан, терме, толғауларының мазмұнына ой жүгіртсек, онда дидактикалық ақыл-нақыл, өсиет-өнегенің тұнып тұрғанын байқаймыз. Олар сол арқылы ненің жаман екенін сездіріп, келер ұрпақты неден аулақ, неге ынтық болуға баулып өсіруді мақсат етті. Ал ақыл-ойға, терең тәлімге құрылған поэзиялық сөз маржанынан ұлттық ойлау ерекшелігін, мәдени мұраның өзіндік сипатын айқын танып білуге болады.

Сөз болып отырған кезеңдегі ақын-жыраулардың дүние танымы мен философиялық бағыттары жайлы әрі ғалым, әрі ақын Ә.Тәжібаев: «Асанқайғы, Қазтуған, Шалкиіз, Бұқарлар айтқан толғаулардың бізге жеткен бөліктеріне қарап отырсақ, тыңдаушысын теңіздей шайқайтын терең ойлардың толқынында жүзгендей сезінеміз. Кейде жақыннан, кейде ишаратпен алысқа меңзеулер, әлдеқайда біз біле бермейтін арнаулы сөздерден жаралады да, өмір, тарих, қоғам, адам, тағдыр жайлы ғажайып топшылаулар, толғау-түйіндер айтады» (69, 20), - дейді. Бұл пікір ХV-ХVІІІ ғасырлардағы жыраулардың дүниетанымы жөнінде өте орынды айтылған әділ баға.

Жыраулардың поэзиясында келелі сөз болған мәселе - адам проблемасы. Қазақ ұғымындағы «Ердің құны жүз жылқы», «Ер елі үшін туады, елі үшін өледі», «Ерді намыс өлтіреді» деп, ерлікке ерекше баға беру, ердің құнын адамгершілікпен, ар-ожданмен өлшеу («Жаным-арымның садағасы», «Ер жігіттің ары - мың жылқы», «Жан сақтама, ар сақта» т.б.) «личность» ұғымнан көп жоғары. Сол сияқты «Ақын - елдің еркесі», «Өнерліге өлім жоқ», «Өнерлінің қолы алтын» деп қараған ата-бабамыздың өнерлі азамат, сал – сері жөніндегі ұғымы - «рыцарь» деген ұғымнан әлдеқайда ауқымды.

Демек, дала философиясындағы кісі, толық адам (Абайша), ер деген ұғымдар – кең тынысты философиялық категория.

Қазақтың ұлттық философиясының тағы бір гносеологиялық танымдық ерекшелігі - атамекен, ел-жұрт мәселесі жөніндегі көзқарасы.

Мәдениетті деп саналатын кейбір жұрт өкілдері туған жерін отаным деп есептемейді. Өскен, кәсіп еткен жеріне отаным деп қарайды. Ал біздің қазақ жұрты кіндік қаны тамған жерін, ата-баба әулетінің мәйіті жатқан жерді ерекше қадірлейді. Оны тастап кетуді өлім санайды. Ақындардың «Кіндік қаным тамған жерім - ауылым» деп әндетуінде, «Отан - оттан ыстық», «Отансыз ер - бұралқы итпен тең» деп қарауында философиялық үлкен ой жатыр. Туған елінің табысына масаттанған, елін сүйген ерді мадақтап «Басқа елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол» деуінде де терең мән-мағына бар.

Қазақ философиясының өзіндік үшінші ерекшелігі - ана тіліне, сөз өнеріне ерекше ден қойып, жоғары баға беруінде. «Өнер алды қызыл тіл» деп ұққан ата-бабамыз «от тілді, орақ ауызды» ділмәр шешендердің өсиет сөздерін, табан аузында тақпақтап айтқан мақал-мәтел афоризм сөздері мен ақындардың терме, толғауларын жазу-сызусыз жаттап, жадында сақтап, қаз қалпында біздің дәуірімізге жеткізген. Оның себебі – аталы сөздердің өміршеңдігінде, халықтың тіл құдіретін бағалай білуінде жатыр. Асыл сөздің қоғамдағы тәрбиелік мәніне ертеден назар аударып, «Ақылдың көзі – аталы сөз» деп ұққан бабаларымыз сөйлей білуді өлмес өнер, асыл мұра деп бағалаған. Осы пікірді «Сөз тапқанға қолқа жоқ», «Шешеннің сөзі мерген, шебердің көзі мерген», «Сөз сүйектен өтеді», «Жақсы сөз- жарым ырыс», «Жақсы сөз жан семіртеді» т.б. мақал-мәтелдерден байқауға болады.

Кешегі жоңғар қалмақтарымен кескілескен ұрыс кезінде Қонтажыда кеткен ел кегін алмас қылыштың ұшымен емес, сөз құдіретінің күшімен қайтарған Қаз дауысты Қазыбек бидің ақылды, тапқырлығын мадақтаған «Жарақты жауды жайратқан сөз», «Тіл қылыштан өткір» деген мәтелдердің шығуы да тегін емес.

Ақылдың көзі логикалық дұрыс ойда жатыр. Логикалық жүйемен ойлай білу - дұрыс жүйелеп сөйлей білуге жетектейтін жол, сөйлеу мәдениетінің алғашқы баспалдағы.

«Тіл мен ойлау – еңбектің жемісі . Тіл ойдың сыртқа шыққан көрінісі, - деп К.Маркс текке айтпаған. Адамның басында қандай ой туса да, егер оны жинақтап қорытып, жүйелеп, лайықты сөзбен дәл бере алмаса, ол айтушыға да, тыңдаушыға да түсініксіз, күңгірт, көлеңке болады. Сөйлеу мәдениетін жетілдірмейінше, ақыл-ой парасаты қалыптаспайды. Яғни, дұрыс сөйлей білу дегеніміз – дұрыс ойлай білу, ал ол логика мен этнолингвистиканың бірлігінен туындайды. Тіл- мәдениетпен қатар өсіп, өркендейтін қоғамдық құбылыс.

Кемеңгер ойдың иелері - ұлы даналар кезінде сөз құдіретінің қоғамдағы тәрбиелік мәніне ерекше көңіл бөліп келген болатын. Мысалы, Шығыстың классик ақыны Ә.Науаи: «Ас – тұзбен дәмді, су- мұзбен дәмді, ал адамзат- салиқалы, саналы сөзімен сәнді», - десе, француздың данышпан жазушысы О.Бальзак: «Сөз өнері- өнер атаулының қиыны және құдыреттісі», - дейді. Осы ойды тереңдеткен ұлы ақын Абай: «Сөз өнері дертпен тең», -десе, Л.Н.Толстой: «Сөз ұлы нәрсе. Сөзбен адамдарды достастыруға да болады, жауластыруға да болады», - дейді.

Ал қарапайым қазақтың мақал-мәтелдерінен де осы идеялар өзекті орын алған. Мәселен, «Таппасаң сөздің жүйесін, отына өзің күйесің», «Аңдамай сөйлеген, ауырмай өледі», «Ойнап сөйлесең де, ойлап сөйле», «Жүйелі сөз жүйесін табар» деп, дұрыс ойлап, дұрыс сөйлей білудің үлкен өнер екенін ұрпақ біткенге үнемі ұқтырып келді. Осыны жастардың зердесіне ұялатуды қажет деп ұққан қариялар «Көп сөз-күміс, аз сөз- алтын», «Ақылдың сөзі қысқа, көпке болар нұсқа», «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бар» деп, философиялық ой топшылаған.

Сөзшең, өнерлі ақын, я әнші азаматтарға жиын-тойларда төрден орын беріп, қошемет көрсеткен. Сөз бастаған шешенді қол бастаған батырмен пара-пар санаған. Жастарды шешендікке, сөз өнеріне үйрету үшін әке-шешелері, аталары мен әжелері оларға мақал-мәтел, жұмбақ, жаңылтпаш, терме, өлең-жыр жаттатып үйреткен. Ойын-тойда қыз бен жігіттер бір-екі ауыз өлеңмен қағысып, айтысуды әдетке айналдырған. Сол айтыс түрлерінен жеңіспен көзге түскен ақындарды көтермелеп, бүкіл ауылдың, рудың, елдің атынан ұлы дүбір тойларда сөз сайысына қосып, жеңген ақындарды көтермелеп, жорға мінгізіп, шапан жапқан. Немесе екі елдің дау-шарларын сөз тапқыш ақылды адамдарға жүгініп шешкізген. Сөйтіп, тапқыр ойлы шешендерге үлкен құрмет көрсеткен. «Тілдің майын тамызып, сөздің балын ағызып, қас шешендер сөз айтар», «Көп ішінде сөйлеген шешендіктің белгісі», «Шешен сөз бастар, батыр қол бастар» т.б. деген мақал-мәтелдер осы ойды дәріптеуден шыққан.

Жалпы, шешендік қазақ халқының бойына біткен табиғи қасиет екенін шығысты зерттеуші ғалымдар да байқап білген. Мысалы, академик В.В.Радлов өзінің «Образцы народной литературы тюркских племен» деген еңбегінің кіріспесінде ауыз әдебиетінің шығу тегіне, тәлімдік мәніне терең тоқтала келе: «Қазақтар нақтылы сөйлеуді бар өнердің алды деп білді, сондықтан да олардың поэзиясы дамудың жоғары сатысына жеткен», - десе, ал саяси сенімсіздігі үшін қазақ даласына жер ауып келген поляк офицері А.Янушкевичтің: «Қазақтардың ойлау қабілеттерінің кереметтілігіне менің барған сайын көзім жетті. Сөз дегенде ағып тұр. Бұл жағынан алғанда оларды Батыс Азияның француздары деуге болады. Өзіне жоғарыдан менсінбей қарайтын халықтар арасынан бұл көшпенділердің де құрметті орын алатын кезі келеді», - деп бұдан 150 жыл бұрын асқан сәуегейлік пікір айтуы бүгінде бізді таң қалдырды. Қазақ ауыз әдебиетін жасаушылар да, оны қастерлеп, жадында сақтаушылар да, келер ұрпақты тәрбиелеуде құрал ретінде жұмсаушылар да ақын-жыраулар болғанын, олар өздерінің жыр маржанымен жастардың сана-сезімін тәрбиелеп жетілдіруде қоғамдық тәрбиешілердің рөлін атқарғанын аңғарамыз.

Қазақтың ұлттық философиясының төртінші ерекшелігі- ұлттық базисі болып есептелетін көшпелі өмірмен, мал шаруашылығымен тығыз байланыстылығы. Тіршіліктің тұтқасы төрт түлік малда деп ұққан қазақ малды жанмен бірдей санаған. Екі қазақ кездесе кетіп амандық сұрасса, «мал-жан аман ба?»- деп сұрауы да сол пікірге саяды. Терісі мен жүнін киім қып киіп, еті мен сүтін азық етіп күн көрген, сауса сауын, мінсе көлік ретінде пайдаланған төрт түлікті (әсіресе, жылқы малын) қадірлеп, қастерлеу қазақ баласы үшін өмір заңы болып есептелген. Өйткені, малдан айрылу - шыбын жаннан айрылумен бірдей болған. (Бұған 1932 жылғы ұжымдастыру кезінде қазақтардың малдан айрылып, аштық-қырғынға ұшырауы айқын дәлел.) «Мал ашуы-жан ашуы», «малдың беті шарық, малсыздың күні кәріп», «Мал баққанға бітеді», «Жаманға жан жуымас, жалқауға мал жуымас» деп, ерінбей еңбек етсең ғана мал табасың, малсыз өмір жоқ, күн көрісің қараң деген ойды түйіндеген. Ол заңды да. Себебі, тіршілік етудің басқа түрі жоқ көшпелі қазақ елі үшін мал бағып күн көру- өмір сүрудің негізгі тірегі болып саналады. Осымен байланысты- төрт түлік малға арналған мақал-мәтел, ертегі-әңгіме, жаңылтпаш-жұмбақтардың қазақ ауыз әдебиетінде орасан көп болуы, мал атауларының молдығы, тіпті сұлу қызды «Ботакөз», ал батыр, алғыр жігітті «нар жігіт» деп атауы, немесе баласын «қозым», «құлыным», «ботам» деп айналып-толғануы, бір жағынан, ұлттық психологияның тілдегі көрінісі болып саналса, екіншіден фольклорлық шығармалардың этнопедагогикада тәрбие құралы ретінде қызмет еткенін байқатады.

Тұрмыс-тіршіліктің, еңбек пен кәсіптің өмірдегі көрінісі ұлттық салт-дәстүрлер арқылы марапатталатыны көпке аян. Ал, қазақ халқының салт-дәстүрі малмен, көшіп-қонумен байланысты туып дамыған. Наурыз тойлары, көшіп келген ағайынға ерулік немесе көшерде көршілерге көшерлік беру, бие байлау, сірне, қымыз жинау, малдың төлдеуімен байланысты уызға, күздікте қарын-майға, қыста соғымға шақыру, отқа май құю, келіннің отқа салар әкелуі т.б. ырым, жол жоралар, тіпті қыздың қалың малын немесе ердің құнын да мал санымен есептеу сияқты салт-дәстүрлердің халқымыздың тұрмыс-тіршілігімен байланысты туғанын дәлелдейді. Сөйтіп, салт-дәстүрлер, бір жағынан, халықтың тұрмыс-тіршілігінің айнасы іспетті болса, екіншіден, сол арқылы ғасырлар бойы өз ұрпағын еңбекке, адамгершілікке, өнерге, өмірге икемдеуде тәрбие құралы ретінде пайдаланған.

Халқымыздың сан ғасырлық ұрпақ тәрбиесі халықтық салт-дәстүрлер мен ауыз әдебиеті үлгілеріне негізделгенімен, оның да өзіндік мақсат-мүдделері, негізгі қағидалары бар.


УДК 378.146.9

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   54

Падобныя:

Ғылыми-практикалық конференциясының материалдары iconКазахстан Академия «Көкше»
Халықаралық «Сейтен тағылымдары» ғылыми-практикалық конференциясының материалдары бойынша ғылыми мақалалар жинағы. Қазақстан, Ақмола...

Ғылыми-практикалық конференциясының материалдары iconПрактикалық Қазақ тілі салық қызметшілеріне арналған оқу-әдістемелік құралы
С. Торайғыров атындағы пму-дың Қазақ тілін жеделдетіп оқыту ғылыми-практикалық орталығының отырысында басуға ұсынылған

Ғылыми-практикалық конференциясының материалдары iconМонография Павлодар 2012
Ж. Аймауытов атындағы этнопедагогика және білім берудің инновациялық технологиялары ғылыми-практикалық орталығы

Ғылыми-практикалық конференциясының материалдары iconХалықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы материалдары
Редакция алқасы: Сыдықов Е. Б.(жауапты редактор), Шаңбай Т.Қ., Әмірханов Қ. Ж., Дүйсенбаев С. Т.,Еспенбетов А. С., Молдажанова Ә....

Ғылыми-практикалық конференциясының материалдары iconХалықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары 9-10 маусым 2011ж
Репродуктивное здоровье и гинекология. Проблемы и перспективы: Материалы международной научно-практической конференции. Reproductive...

Ғылыми-практикалық конференциясының материалдары iconПрограмма 27 апреля, 2012 г од алматы republic Scientific Conference with international participants «modern issues of theoretic and clinical lymphology»
Сізді В. В. Александровичтің 100-жылдғына арналған «Теориялық және клиникалық лимфологияның өзекті мәселелері» атты Халықаралық қатысумен...

Ғылыми-практикалық конференциясының материалдары iconСейткулов нурлыбек акынулы қазақ этнопедагогикасындағы бала жасына қарай кезеңге бөлудің ғылыми-педагогикалық негіздері
А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті жанындағы педагогика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін беру жөніндегі...

Ғылыми-практикалық конференциясының материалдары icon1. Мына ізденушілер ғылым кандидаты ғылыми дәрежесіне бекітілсін

Ғылыми-практикалық конференциясының материалдары iconКіріспе
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Ғылыми кеңесі басуға ұсынған

Ғылыми-практикалық конференциясының материалдары iconҒылыми êIÒÀÏÕÀÍÀ
Библиотека Конгресса открывает свободный онлайн-доступ к тысячам исторических книг

Размесціце кнопку на сваім сайце:
be.convdocs.org


База данных защищена авторским правом ©be.convdocs.org 2012
звярнуцца да адміністрацыі
be.convdocs.org
Галоўная старонка